Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Испанияның «Реалы» өз алаңында Англияның «Манчестер Сити» клубын қабылдады. Екі ұжым да жеңіске жету жолында тынбай тер төкті. Бірінші кезең олардың алма-кезек шабуылымен өрбіді. Десе де бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. «Сити» шабуылшысы Габи Жезус қақпашымен бетпе-бет шыққан. Алайда оның соққысын қақпашы қайтарды. Бірінші таймда қонақтардың қорғаушысы Аймерик Ляпорт жарақат алып, алаңнан кетті. Е

кінші тайм «Манчестер Ситидің» басымдығымен өтті. 59-минутта қарымта шабуыл кезінде «Реал» есеп ашқан. Қорғаушыларды алдап өткен Винисиус Жуниор әріптесі Искоға пас берді. Соңғысы қателескен жоқ. Есеп – 1:0! Қарымта шабуылдардың бірінде ағылшындық клубтың ойыншысы Габи Жезус таразы басын теңестіріп кетті. Ол айып алаңына асырылған допты қақпаға баспен кіргізді. Мұнан соң Кевин де Брюйне пенальтиден көзге түсіп, есепті 1:2 қылды. Ойын соңына таман бас төреші «Реал» капитаны Серхио Рамосты тәртіп бұзғаны үшін алаңнан қуды.

Қатар өткен «Лион»-«Ювентус» матчында француздар басым болды. Кездесудегі жалғыз голды Тузар соқты.

Осылайша, Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: