Қалалық ТҮКШ бөлімі жол жөндеу секторының бас маманы Арсен Жұмабеков жөндеу жұмыстары 1 сәуірден басталғанын атап өтті.

-    Шұңқырларды жөндеу жұмыстары Астана, Торайғыров, Сәтбаев, Қайырбаев сияқты орталық көшелерден басталды, - деді Арсен Жұмабеков. – Одан әрі Назарбаев даңғылына қарай жылжи береді. Күн сайын мониторинг жасап, жөндеуді қажет ететін аумақтарды анықтаймыз. Қазіргі жоспарда 12 мың шаршы метр аумақ бар. Оны 2 аптаның ішінде бітірмекпіз. Жұмыстың жүруі ауа райына байланысты. Жаңбыр жауса, жұмыс жол кепкенге дейін тоқтайды.



Арсен Жұмабековтың айтуынша, бүгінде жөндеу жұмыстарын ең көп қажет ететін көше – Амангелді көшесі. Бұл көшеде де жұмыстар басталған. Жөндеу аталған көшенің Ворушин көшесінен бастап, Мәшһүр Жүсіп көшесімен қиылысына дейін жасалады.

Шаһар ішіндегі жолдың шұңқырын жөндеумен 6 жұмыс тобы айналысуда. Жөндеуге жауапты мердігер ұйым – «Бонус строй» ЖШС.

 
-    Сондай-ақ қысқы уақытта зақым келген жасанды жол кедергілерін қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда, - деді Арсен Жұмабеков. – Астана, Шөкин, Толстой көшелеріндегі жұмыс аяқталды. Бүгінде Қамзин көшесінде жұмыс жүріп жатыр.

Айта кетейік, 2020 жылы қаладағы жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 млрд 275 млн теңге бөлінген.

Оразбек Саяхат
Фото: автор және қала әкімінің баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қала, жол жөндеу, ТҮКШ