- Бұл оқу жылы ерекше түрде аяқталды, - дейді соңғы қоңырау және аттестат тапсыру рәсімі өткен №34 мектеп директоры Болат Айғожин. - Соңғы қоңырау және аттестат тапсыру рәсімі біріктірілді. Бітіру кеші болмайды және менің ойымша, олар да бұл жағдайға өкпелі емес. Өйткені бұл үлкен тәжірибе болды. Ата-аналар да шығындалған жоқ.

Аталмыш білім ордасын 42 оқушы, оның ішінде 4 алтын белгі және 5 үздік түлек аяқтады. Олардың көбі - қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары. Бұл түлектер 100 пайыздық үлгерім көрсеткен.

- Наурыз айында қашықтықтан оқуға кеткен кезде бұл соңғы мектеп күндері деп ойлаған жоқпыз, - дейді №34 мектеп оқушысы, жас түлек Юлия Загорская. - Сәуір-мамыр айларында ораламыз деп ойладық. Қашықтықтан оқыту сапалы ресурс деп айта аламын. Біз ZOOM, WhatsApp бейне қоңырауларын пайдаландық. Сол арқылы кейбір оқушылардың білім сапасы өсті деп ойлаймын. Біз жинақы, шапшаң болуға үйрендік. Енді ҰБТ-ға байланысты алаңдаудамыз. Бұл - жауапты қадам.

Юлия Загорская бетперде киіп, қолғаппен жүрген ыңғайсыз екенін айтады. Бірақ елдегі жағдайға байланысты ережені қатаң ұстауда.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биыл түлектер қайырымдылық акцияларын қолдауда.

- №34 ЖОМ 11-сынып оқушылары және ата-аналар қауымы «Балаларға мейірімді жүректен» жобасына қатысуға шешім қабылдады, - дейді №34 ЖОМ бітірушісінің анасы Ирина Бондарева. - Мектептің қамқоршылық кеңесіне мұқтаж отбасыларға берілетін 10 мың теңгеден төрт сертификат табысталды. Елімізде карантин режимі алынғаннан кейін балаларымыз үшін де мерекелік кеш өткіземіз деп ойлаймын.

Бүгінгі шара ҚР Білім министрлігі ұсынған тұжырымдама бойынша өтті. Санитарлық нормаларды сақтап, оқушылар арасындағы қашықтық, маска тағу режимі, қатысушылар мен қонақтардың, ата-аналардың санына шектеу қойылды.

- В таком формате выпускной, конечно, облегчает работу. Всё-таки какие-то расходы для родителей были. Но в то же время дети ждали праздника. Они понимают, что эта проблема во всём мире, что и подтолкнуло ввести карантинные меры, - отметил Болат Айгожин. – Мы гордимся выпуском этого года. Тем, что такое количество алтынбельгийцев и окончивших на красный аттестат. Многие из них – призёры и победители городских, областных, республиканских и международных олимпиад. Этот выпуск показал стопроцентную успеваемость. Очень много талантливых детей.

Павлодар облысында 3772 оқушы 11-сыныпты аяқтады. Оның ішінде 188 оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 153 оқушы үздік аттестатқа ие болды.

 Айгүл Жүсіпова

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: білім, оқушылар, түлек, соңғы қоңырау, мектеп, коронавирус