- Сіздің баяндамаңызды мұқият тыңдадық, өте ұнады, - деді қала тұрғыны Махмет Демесінов. – Бұған дейін айтылған Кутузов көшесін Назарбаевтың атына беру ұсынысын қолдаймын. Құрметті Болат Жұмабекұлы! Еліміздің, оның ішінде Павлодар өлкесінде де өндірістің дамуына үлкен үлес қосқан, 30 жылдай ел басқарған Дінмұхамед Қонаевтың есімін Лермонтов көшесіне беруді ұсынамын.

Өз кезегінде облыс әкімі бұл мәселені ескеретінін жеткізді.

Айта кетейік, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың туғанына былтыр 105 жыл толған.

Абзал Қабдраш
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам