Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиын барысында  «КазАвтоЖол «ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Қайрат  Каребаев айтты.

- Бір ай бұрын Астанада болған  жиында осындай тапсырма берілді, - дейді Қайрат Каребаев. - Бізде алты ай бойы суық тұрады және жылытылған дәретханаларға қатысты қиындықтар бар.  Астана - Павлодар, Павлодар – Семей бағытында салынып жатқан жолдарда 28 демалыс алаңы орналасқан.  Электр желісі мен коммуникация тартылған аумақта қосымша «ҚазАвтожолға» учаске алу туралы айтылды.  Сондықтан осы учаскелерде жылы дәретханалар салынады және әрі қарай бизнеспен айналысуға беріледі.

Филиал басшысының айтуынша, 2020 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  облыста жол бойындағы 19  нысанды стандартқа сай жаңғырту және құрылыс жүргізу жоспарланған. 1-шілдеден бастап стандартқа сай келмейтін сервистерге кіруге тыйым салынады. Бұл жұмыс жергілікті билік  және СЭС өкілдерімен жүзеге асырылады.  

2019 жылдың екінші тоқсанынан бастап  тестіленген режим бойынша ақылы жол ретінде жұмыс істейтін Астана - Павлодар, Павлодар - Омбы бағыты бойынша жұмыс істеу тапсырылған. 2020 жылдан бастап бұл учаске толығымен ресми түрде ақылы болмақ.

- Астана - Боровое сияқты учаскелерде бірінші кезекте дәмхана мен  қонайқүй емес, техникалық паркинг пен дәретхана  орнату  қажет.  Себебі алыс жолға шығатындар  қауіпсіздік мәселесін көтеруде. Облыста кейбір ҚазмұнайГаз учаскелерінде су жоқ. Мәселен, Ленин кентін атап өтуге болады, - деді Қайрат  Каребаев.

Облыс әкімі Болат Бақауов техникалық паркинг ашу қомақты қаржы талап ететін еске салды.

- Паркинг стандартқа сәйкес үлкен болуы тиіс, - деді Болат Бақауов. -  Екі гектарға асфальт төселеді. 1 шаршы метр 6 мың теңге тұрады. Облыстық бюджеттен ұңғымаға ақша бөліп, сол жерге  біріктірілген блок модуль қояйық.  Сонда техникалық және ауыз су береміз. Бизнес те өркендейді.  Жуырда Челябіден Екатеринбургке дейін машинамен жүріп  өттік. Сол кезде арнайы жол бойындағы сервисті қарау үшін тоқтадым. Ол жақта жылы дәретханалар  жанармай құю бекетінің жанында орнатылған.

Ақбота Сейсенбаева
Сурет ғаламтордан алынған

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Болат Бақауов, Бакауов