Бұл туралы облыстық Статистика департаменті хабарлады.

-2017 жылғы төртінші тоқсанындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 89968 теңгені құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,3%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 2,8%-ға төмендеді.Сонымен қатар, қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 146,1 мың теңгені, немесе 2016 жылдың сәйкес тоқсанына 109%-ды құрады. Нақты жалақы индексі - 100,6%. Жалдамалы қызметкерлер ретінде 199,7 мың адам тіркелді, - дейді департаментте.

Айта кетейік, 2017 жылғы төртінші тоқсанда жұмыс күшінің саны 413,1 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70,6%-ын құрады.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде 2018 жылғы наурыздың соңына 4,8 мың адам тіркелді. Бұл жұмыс күшінің 1,2%-ға тең.

Фото: inform.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, халық саны, экономика, қоғам