Бұл туралы облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиев айтты.

- Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда заңсыз ағаш кесу фактісі 1,5 есеге, келтірілген шығын көлемі сегіз есеге артқан, - дейді Қадылжан Сәтиев. – Мәселен, 2017 жылы аталған уақыт аралығында 8,7 текше метр аумақта алты факті тіркеліп, 39,7 мың теңге шығын  есептелген.  Былтырғы жылы заңсыз ағаш кесу бойынша барлығы 60 жағдай орын алған.

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылғы тоғыз факті бойынша қылмыстық  іс қозғалып, заң бұзушылар анықталған.

Орман қорғау мекемелерінде өткен жылы 57 тексеріс жүргізілген. Оның 27-сі жоспарлы болса, 30-ы - жоспардан тыс. Нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасына қатысты 24 заң бұзушылық анықталып, 24 әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 930 мың теңгеге айыппұл салынған.

Табиғатты қорғау мекемелерінің басшыларына аталған заң бұзушылықтарды жою бойынша  ұйғарым берілген.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, заңсыз ағаш кесу