Статистика департаментінің хабарлауынша, аталған кәсіпкерлік субъектілерінің    8,9 мыңы – заңды тұлғалар,  30 мыңы – жеке кәсіпкерлер, 3,2 мыңы – шаруа немесе фермерлік қожалықтар.

2018 жылғы 1-қаңтардағы мәліметке сүйенсек, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 2,2%-ға кеміп,  128,4 мың адамды құраған.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсандағы шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару (салыстырмалы бағада) 23,7%-ға өсіп, 701,3 млрд. теңгеге жеткен.

 Республика бойынша өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 3,3%-ды құрады.


pavlodarnews.kz

Тэги: экономика