15 Тамыз 2018 жыл
Қаз Рус
Рус Каз

Синоптиктер Астанадағы кенеттен болған дауылды түсіндірді

Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

Мамандар Қазгидрометтің 21 мамырдағы (ықтималдылығы 90%) ауа райы болжамына сәйкес, Ақмола облысында, соның ішінде Астана қаласы бойынша 22 мамырда күндіз облыстың көп бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде бұршақ, найзағай болады деп болжанғанын еске салды. "Солтүстік-батыс желі 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнгі температура 10-15, күндіз 16-24 градус болды. Желдің максималдық жылдамдығы 22 мамырда Астанада 21 м/с, Ақмола облысында 4-13, кей жерлерде 15-22 м/с болды", - дейді синоптиктер.

Сондай-ақ, мамандар дауылдың кенеттен болған себебін айтты. "Астана" метеостанциясында жергілікті уақыт бойынша 13:15-тен 13:20-ға дейін бақыланған дауылды жел, бұршақ жауу мен нөсер жауын жергілікті сипатта болды. Желдің күшеюі - жылы және суық ауа массаларының бір-бірімен соқтығу себебінен болып, ауа температурасын 30 минут ішінде күрт 25-тен 16 градусқа дейін төмендетті", - дейді мамандар. Жергілікті құбылыстар - қысқа мерзімде және күтпеген жерде аумақтың шектеулі көлемінде күрт пайда болады, бұл Қазгидрометтің қолда бар техникалық жабдықталуы кезінде, уақыт пен қалыптасу орны бойынша оларды болжау қиындығын туындатқан.

"Қазгидрометтің 2018-2022 жылдар аралығына арналған жаңғырту шеңберінде заманауи метеорологиялық радарлар сатып алып, орнату көзделген, олар осыған ұқсас жергілікті құбылыстар туралы олардың пайда болуына дейін 3-6 сағат бұрын болжауға және хабардар етуге мүмкін беретін болады. Қазаэронавигациямен бірлесе отырып, Қазақстанның барлық аумағын 25 радардан тұратын радар желісімен жабу көзделіп отыр", - дейді "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Жаңалықтар

Система Orphus