Ағымдағы жылдың басынан Май ауданында «Бастау» жобасы бойынша 72 адам курстан өтіп, 16 адам үшінші кезеңде оқып жатыр.

Май ауданы Көктөбе ауылының тұрғыны Әлия Мұхамеджанова биыл осы жобаның аясында кәсіпкерлік негізіне оқыды. Курсты аяқтаған соң жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6 пайыз жылдық мөлшерлемесімен 5 жылға 2 млн теңгеге қаржыландырылды.

- Жобаға разымын, - деді Әлия Мұхамеджанова. – Бизнес-жаттықтырушы Алмагүл Габдуллинаның басшылығымен біздер өзіміздің бизнесімізді ашуға қажетті білім алып қана қоймай, сонымен қатар егжей-тегжейлі есебімен бизнес-жоспар жасауды үйрендік. Мен кәсіпкерлер палатасының Май ауданының филиалына көрсетілген қызметтері және жеңілдетілген несие алу үшін құжаттарды рәсімдеуде сүйемелдегендері үшін алғысымды білдіремін. «Бастау» жобасы бойынша оқыған және жеңілдетілген несие алған басқа да тыңдаушылар осылай есептейді деп ойлаймын.

Айта кетейік, аталмыш жоба «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Кәсіпкерлік шамасы бар өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған ақысыз бір айлық курстарды өткізуге Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамашылық жасап отыр.

Жобаның басты мақсаты - тұрғындарға кәсіпкерліктің негізіне қажетті білім беру және өз ісін ашу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік жасау.

pavlodarnews.kz

Тэги: