Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Платформаны сынақтан өткізіп болғаннан кейін электрондық денсаулық паспортын ҚР аумағында ілкі жоба ретінде енгізу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. 2018 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады», - деді ведомство өкілдері редакцияның жазбаша сауалына жауабында. Сонымен қатар, министрлікте жергілікті атқарушы органдардың келісімімен, аймақтық деңгейде электрондық денсаулық паспорттарының (ЭДП) элементтері немесе жергілікті электрондық денсаулық паспорты енгізілгенін айтып кетті.

«Медициналық ақпараттық жүйелер өңірге тіркелген адамдар жайлы, сондай-ақ, ауыл халқы жайлы барлық төлқұжаттық мәліметтерді қамтиды. Сонымен қатар, амбулаториялар мен диспансерлерге жүгіну бойынша мағлұматтарға ие», - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілі.
Ведомство жасаған статистикалық мәліметтерге сәйкес, электрондық денсаулық паспортын енгізу бойынша Түркістан облысы көш бастап келеді. Бұл өңірде 1 951 728 адам ЭДП-ға ие болған.

Алматыда - 1 383 022, Шығыс Қазақстан облысында - 862 995, Қарағанды облысында - 766 936, Астанада - 728 578, Батыс Қазақстан облысында - 640 000, Атырау облысында- 620 000, Ақмола облысында - 586 548 адам, Ақтөбе облысында - 555 828 адам, Қызылорда облысында- 549 990, Маңғыстау облысында - 476 393, Павлодар облысында - 370 028, Қостанай облысында - 362 213, Солтүстік Қазақстан облысында - 338 396, Жамбыл облысында - 22 003 адам.

pavlodarnews.kz

Тэги: