Жанат Ыбыраев бес қабатты үйдің подъезіндегі терезеден құлаған екі тоғызыншы сынып оқушылары оқиға орын алған күні Бауыржан Момышұлы көшесінде тұратын құрбыларының үйінде қонақта болғанын айтты.

- Қыздар бір-бірімен құрбы болған, - деді Жанат Ыбыраев. – Екеуі де толық емес отбасынан. Көз жұмған қыз бір жыл бөлімдегі кәмелеттік жасқа толмаған мінезі ауыр балалардың тізімінде тұрған. Осы уақытқа оған бақылау жүргізіліп, ешқандай құқықбұзушылық байқалмаған. Тамыз айында тізімнен шығарылды. Кеше мектепте сабаққа қатысқан.

Оның айтуынша, қыз бала анасымен бірге тұрған. Сол кеште әжесінен 10-мектепте оқитын құрбысының үйінде қонуға сұранған. Рұқсат бермегеніне қарамастан дүние салған қыз өз қалуымен әрекет еткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның мәлімдеуінше, өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алған оқушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Екінші оқушы қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.

- Екінші қыз балада бас сүйегінің сынықтары, ауыр ашық ми жарақаты тіркелген. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда, - деді Эльмира Темірғалиева.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, қоғам