Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа  Кәшкенова  мәлім етті.

-  Еңбек биржасына үш жеке меншік агенттік тіркелген, - дейді Хелуа  Кәшкенова. - Азаматтарды жұмыспен қамту үрдісі электронды форматқа ауыстырылып, ірі деректер базасы топтастырылған. Қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту орталықтарымен азаматтарды оқыту жүзеге асырылады.  Бүгінде жұмыспен қамту орталықтарымен 7000-нан астам жұмыс іздеген адам электронды биржаны қалай  қолдану керектігін үйренді. Бұдан әрі қарай еңбек биржасының мүмкіндіктері кеңейе түсуде.  

Спикер  биыл цифрландыру аясында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен үш ауқымды жоба әзірленгенін атап өтті.

-  Оның бірі - бірыңғай ақпараттық жүйені дамыту.   Басты бағыты -  тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту. Екіншісі -  өз күшіне енген электронды еңбек биржасы. Бүгінгі таңда  нарықта бірыңғай электронды база құрылып, еnbek.kz платформасында іске асырылады. Жұмыс берушілер жеке кабинет ашып, өздігінен кеңседен шықпай-ақ бос  орындар  туралы ақпарат орналастырады.   Сондай-ақ, кадр қызметі  заң шеңберінде электронды еңбек биржасы арқылы тікелей жеке кабинет  бойынша жұмыспен қамту орталығына ақпарат жібере алады.  Бұл екі жақтан да жұмысты жеңілдете түседі. Азаматтарға өздігінен жеке кабинетке тіркеліп, ауқымды түрде  тіпті,  еліміз бойынша жұмыс іздеу мүмкіндігі ұсынылып отыр, - дейді Хелуа  Кәшкенова.  

Ақбота Сейсенбаева
Фото: ӨКҚ



pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам