Облыстық ІІД баспасөз қыметінің хабарлауынша,   полицейлер шілде айында 1 Май көшесіндегі дүкендердің бірінде сағат 21.00-ден кейін   40% пайыздық этил спиртін іске асыру фактісін анықтаған.  

- Осы жағдайға қатысты қала тұрғыны ҚР ӘҚБК-нің 200-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Алкоголь өнімдерін сатуға арналған лицензияның күшін тоқтата тұрып, айыппұл  салынды. Алайда ол тиісті қорытынды жасамаған. Бір ай өтпей сол дүкенде полицейлер қайталап бұзушылық анықтаған.   Әйел адамға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 200-бабы, 4-бөліміне сәйкес әкімшілік  хаттама толтырылып, материал  қалалық мамандырылған әкімшілік сотына тапсырылды, - деді  департаментте.

Жеке кәсіпкер сотпен 192 мың теңге сома көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам