- Қысқы маусымның басталуына байланысты 30 учаскедегі қала көшелері, жолдары мен тротуарларында ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді, - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. – Мердігер ұйымдар Короленко-Лермонтов, Толстой-Абай, Абай-Ломов, Лермонтов-Тәуелсіздік және Лермонтов көшесінің 1 Мамырға дейінгі қиылыстарындағы шұңқырларды жамады. Короленко, Ломов, Естай-Сәтбаев, Теплов-Пахомов, Пахомов-Парковая көшелерінің қиылыстарында шұңқырлар жөнделді.

Сонымен қатар, Катаев-Толстой, Толстой-Павлов, Сәтбаев пен Естай көшелеріндегі құдықтарды жөндеу қолға алынды.

Жөндеу жұмыстары қалалық бюджет есебінен жүргізілуде.

Қалалық әкімдікте хабарлағандай, тұрғындар instagram@akimat.pavlodar парақшасында көшелердегі шұңқырлар, үйлерде жылудың жетіспеушілігі және жер учаскелері, техникалық талаптар мен сәулет мәселелері туралы хабар бере алады.

- Тұрғындар үшін ашықпыз және павлодарлықтармен байланысты нығайтуға ниеттіміз, - дейді қала әкімдігінде. – Барлық өтініштер мен шағымдарды қысқа мерзім ішінде қарастыруға тырысамыз.

pavlodarnews.kz

Тэги: коммуналдық шаруашылық, әкімдік, жол жөндеу, шұңқырлар