Павлодар әкімі Әнуар Күмпекеев айтып жеткізгендей, Киров пен М. Горький аралығындағы 1 Мамыр көшесі едеуір кеңейіп, ені 10,5 метрге жетеді.

- Көліктердің бір бағытты жүрісінен арылу үшін көшелерді кеңейтпекпіз, - дейді Әнуар Күмпекеев. – Бұл көшедегі жүріс үш сызық: екеуі солтүстік бағытқа, біреуі оңтүстік бағытқа апарады. Трамвай жолына брусчатка төселеді.

«Дорстрой» ЖШС инженері Дмитрий Башкировтің ақпаратынша, соның арқасында Естай – Абай және Толстой – Абай жол айырықтарына түсетін салмақ жеңілдейді.



- Көшелер бұрын көгал орналасқан жер есебінен бір-бір жарым метрге кеңейтіледі, - дейді Дмитрий Башкиров. – Құрылыс жұмыстары кезінде барлық ережелер сақталады. Кіре берістері бар жол мен бордюрлер қайта салынады.

Аталған мердігер ұйым Ак. Сәтбаевтан Ertis Olympic бассейніне дейінгі аралықтағы Теплов көшесін 9 метрден 14 метрге кеңейтумен айналысады.



Облыс әкімі Болат Бақауов айтқандай, аталған игі жобаны сапалы түрде аяғына жеткізу керек.

- Мұнда кардиологиялық орталық, бассейн орналасқан. Көшені екі жақты жарықтандыру арқылы арқылы көріктендіру керек, - деді өңір басшысы.

1 Мамыр және Теплов көшелерінің жөндеу жұмыстарының құны 400 миллион теңге. Конкурстар өткізіліп, мердігерлер сәуір айында жұмысқа кірісіп, жөндеуді маусым айына дейін тәмамдамақ.

Арслан Ғалымбек

Фото: Роза Мұстафина

pavlodarnews.kz

Тэги: ТҮКШ, Болат Бақауов, Әнуар Күмпекеев, Дорстрой, 1 Мамыр, Теплов