Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлайды.

 Белгілі болғандай, бүгінгі мерекелік шара барысында 9 жұп үйлену тойын атап өтіп жатыр. Айта кетейік, бүгін ЭКСПО-қалашық аумағындағы Наурыз мейрамымен халықты құттықтауға Елбасы мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Елордада алты алаңда киіз үйлер тігіліп, этноауылдар ашылды. Келушілер мерекелік концерттік бағдарламалар тамашалап, қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату және армрестлинг сияқты ұлттық спорт түрлерінен күш сынасып жатыр. Астана тұрғындары мен қонақтары бауырсақ, палау, наурыз көже, ірімшік тағамдарынан дәм татып, алтыбақан маңына жиналды.

Жалпы Наурыз мейрамының құрметіне Астанада 50-ге жуық киіз үй мен 10-нан артық алтыбақан орнатылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: