Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тәртіп сақшылары "Дені сау ұлт" қоғамдық фонды мен @sport.ride қолдауымен велосипед мініп қаланың аулалары мен көшелерін аралап шықты.

Акция қатысушылар есірткі саудалайтын сайттар жазылған жазуларды өшірді.

- Іс-шара мақсаты - аталған мәселеге қоғамның назарын аудару, қала мен облыс тұрғындары бұл іске жұмылдыру. Тек бірлесе ғана өңіріміздегі есірткінің таралуына жол бермейміз, - дейді полицейлер.

2019 жылдың басынан павлодарлық полицейлер облыс аумағында есірткіге қатысты 40 қылмысты әшкерелеп, 98 келі 741 грамм әртүрлі есірткі тәркіледі.

Полицейлер граффиті жазған адамдарды көрген кезде полицияға "102" нөмірі бойынша хабарласуларын сұрайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: наркограффити, есірткі, полиция, блогер