Сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін қонақтар үшін талантты әншілердің концерттері мен спорттық номерлер көрсетіледі.

Сағат 13.00-ден 13.25-ке дейін қонақтарға арналған Павлодар қаласының фитнес орталықтары мен тренажер залдарының жетекші бапкерлерімен таза ауада «Green Fitness» жаттығуы жасалады.

Сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін балаларға арналған мынадай спорт түрлері бойынша: қазақша күрес, мас-рестлинг, дартс, көңілді старттар, стритбол, асық ату, арқан тарту, шеңберлерді лақтыру, нысаға дөп түсіру спорттық жарыстары өткізіледі.

Сондай-ақ, «Зеленая роща» шаңғы базасының аумағында:

- Фуд корт аймағында (кәуаптар, сусындар, балмұздақ сату);
- «VELVET BURGER» -ден фуд корт аймағы;
- роликті конькилер мен велосипедтердің тегін жалға берілуі;
- қолданбалы өнер көрмесі (жұмсақ ойыншықтар, жасанды бұйымдар);
- лазертаг;
- аниматорлар;
- мектептен «HOLI» спорттық биінің көрсетілімдері ұйымдастырылатын болады.

Шаңғы базасының аумағында отбасылық пикник ұйымдастыруға болады.

«Отбасылық weekend» бұл-отбасының бір-біріне сыйлы әрі қарым-қатынастарының дұрыс болуларына ықпал ететін демалыстың бір түрі, ал күнделікті өмірде мұндай демалыс жасауларына уақыттары бола бермейді.

pavlodarnews.kz

Тэги: демалыс, Балаларды қорғау күні, отбасы, «Зеленая роща»