Қалалық білім беру бөлімінің хабарлауынша, конкурс «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Әлем. Бала» жобасы аясында өткізілді.

- Байқау мақсаты – қызығушылығы бойынша балаларды қамту, жазғы демалыс кезеңінде балалардың шығармашылығын дамыту және қолдау. Байқауға қаланың 20 жалпы білім беру мектептерінен 331 оқушы қатысты, - деп хабарлайды қалалық білім беру бөлімі.

Байқаудың негізгі шарты ұжымның шығармашылық мүмкіншілігі, әртістілігі, өзіндік идея, киім дайындау кезінде табиғи материалды пайдаланудағы кретивтік жолдар болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша алты жүлделі орын анықталды,оның ішінде I дәрежелі дипломмен №21 ЖОМ «Смешарики» командасы, II дәрежелі дипломмен №26 ЖОМ «Эко-модницы» және №39 мектептің «Эко-мода» командасы, III дәрежелі дипломмен - № 17, 22, 30 мектеп командалары ие болды. «Үздік дизайнер» номинациясымен № 13 мектептің «Жарқын үлгі» командасы, №19 мектеп командасы марапатталды.

Белсенді қатысқаны үшін № 7, 25, 35, 42 ЖОМ оқушылары белгіленді.

«Смешарики» командасы модельер-дизайнерлерінің ашық костюмдері мерекенің ерекше атмосферасын туғызды. Байқауға бүктеме қағаздардан арнайы киімдер, әртүрлі пакеттерден көйлектер, газеттерден белдемшелер тігілді. Үлгіні көрсету музыка және сән үлгісін дамытудағы жаңа кезең туралы түсініктемемен сүйемелденді.

pavlodarnews.kz

Тэги: оқушылар, білім беру, мектеп, жазғы демалыс