Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған Ренхап агенттігі оқиғаның жергілікті уақытпен таңғы 8:30-да Чханвон (Кёнсан-Намдо провинциясы) қаласы Чинхэгу ауданындағы әскери базада болғанын хабарлады. Алдын ала болжау бойынша, жарылыс кемеге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Нақты себебі тергеуден соң жарияланады.

«Құрбан болғандардың саны артуы мүмкін. Зардап шеккен екі адамның бірі ауыр халде жатыр» - деген Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің өкілінің сөзін келтірді агенттік.

Сонымен қатар, бір адам із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында. Әскерилер жарылыстың қуаты оны борт сыртына лақтырып жіберуі мүмкін деп болжауда.

pavlodarnews.kz