Бұл туралы BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап жазады.

6-топтың қорытынды үшінші матчында қазақстандық команда басым түсті.

Бірінші матчта шымкенттік клуб «ЭБС-Скала» фарер клубын 9:0 есебімен жеңсе, екінші кездесуде эстониялық «Флораны» 2:0 есебімен ұтты.

Топтық кезең қорытындысы бойынша «БИИК-Қазығұрт» қыздары 9 балдың 9-ын иемденіп, топ бастап тұр. Кезеңді 15:1 доп айырмашылығымен аяқтады.

Енді топта бірінші орын алған команда Чемпиондар лигасының 1/16 финалына қатысып, он топтан үздік болып шыққандар мен бұрын квалификация алған 22 командамен ойнайды.

1/16 финалдың жеребесі 16 тамызда өтеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: