Қаламыздағы «Кәсіпкерлер үйінде» өткен мастер-класс кезінде республикалық кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталығының директоры, Кәсіпкерлер мен Есепшілер ассоциациясының президенті Дмитрий Казанцев заңнамадағы маңызды өзгерістер, салық салу талаптарының өзгеруі, кассалық аппараттарды ауыстыру, салықтық амнистия және өзге де аса маңызды тақырыптар бойынша павлодарлық бизнесмендермен тәжірибесімен бөлісті.

Одан бөлек, семинар барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері кәсіпкерлермен сұхбаттасып, маңызды ақпарат жеткізді.

«Атамекен» бизнес мектебінің бизнес-жаттықтырушысы Қуаныш Досмағұлов айтып кеткендей, семинарға шамамен 130 кәсіпкер қатысқан.

- Біздің мектеп «Бизнес кеңесші», «Жобалар» және «Бизнес өсім» бағыттары және жеті тақырып бойынша жұмыс істейді, - дейді Қуаныш Досмағұлов. – Осы жолғы шеберлік сағатын  өз ісін жүргізіп келе жатқан кәсіпкерлерге арнап өткіздік. Мұндай семинарларды шамамен екі аптада кәсіпкерлердің сұранысына қарай ұйымдастырып тұрамыз. Барлық оқыту тегін жүргізіледі.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: «Атамекен», кәсіпкерлер Палатасы, Дмитрий Казанцев, бизнес, семинар