Оған Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 7 команда қатысты. Облыстың құрама командасымен бірге № 21 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Владимир Мейер өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Владимир «Чемпионаттың үздік ойыншысы» атағына ие болды. Ол атаулы статуэткамен және құрмет грамотасымен марапатталды. Жаттықтырушысы Никита Ефимов - Қазақстанның екі дүркін чемпионы, алты дүркін күміс жүлдегері, бес дүркін қола жүлдегері.

 -  Владимир облыс құрамасында 2013 жылдан бастап ойнайды, - дейді білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Гандболмен 1 сыныптан айналысады. Алдымен жаттығу № 21 жалпы орта мектеп базасында өтті. Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне қабылданды. Өзінің жеңісі туралы Владимир лайықты нәтиже алу үшін күн сайын жаттығу керек екенін айтады. Команданың арқасында үздік ойыншы атанды, себебі бұл - спорттың командалық түрі.

Болашақта Владимир өзінің спорттық мансабын жалғастыруды жоспарлап отыр. Гандболдан басқа,  жүзумен айналысады, сондай-ақ белсенді демалуды жақсы көреді. Мектепте жақсы оқиды, география мен дүниежүзі тарихы сабақтарын жақсы көреді, музыка тыңдағанды ұнатады, ағылшын тілін оқып жүр.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт, Павлодар