Миллионнан астам тұрғын баспанадан айырылса, төрт мыңнан астам елді мекен су астында қалды. 19 адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Әдетте жаңа жыл кезеңінде Тайландта күн шығып, құрғақ ауа райы болушы еді. Осы жолы корольдіктің оңтүстігінде бір апта толассыз жауын жауды. Тайлық 10 провинцияда су басқан үйлерден миллионға жуық адам эвакуацияланды. Бірқатар қалаларда коммуникация толықтай зақымданды. Көшеде қайықпен және салмен жүруге ғана мүмкіндік бар. Зардап шеккендерді авариялық-құтқару қызметтері мен әскерлер эвакуация орталығына әкелуде. Ал әкете алмаған адамдарға тікұшақпен тағам, су жеткізілуде. Жағдайды елдің премьері бақылауына алды.

pavlodarnews.kz