20 Қаңтар 2017 жыл
Қаз Рус

Пәтер жалдаушыны уақытша тіркеуге алғаннан кейін коммуналдық төлемдер арта ма

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Ақмола облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Руслан Айтжанов уақытша тіркеудің қандай салықтар мен төлемдерге әсер ете алатынын айтып берді. Астанада Р.Айтжанов тұрғын-үй қатынастары саласындағы заңнаманың білгір маманы болып саналады.

"Алдымен уақытша тіркеудің енгізілгені дұрыс екенін айтқым келіп отыр. Қазіргі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарындағы оны енгізген дұрыс емес, ол адам құқықтарын шектеу деген тәрізді әңгімелермен келіспеймін. Иә, xалыққа алдын түсіндіру жұмыстары жағынан кемшіліктер болған шығар. Содан жаңа жылдан бастап барлығы әбігерге түсті. Дегенмен, уақытша тіркеудің болғаны дұрыс", - дейді Р.Айтжанов.

Оның айтуынша, пәтер жалдаушыны уақытша тіркеуге қойғаннан кейін салық жағынан ешқандай қиындықтар туындамайды. Себебі үйдің салығы жылына бір-ақ рет төленеді және адам санының оған еш қатысы жоқ. "Ал коммуналдық төлемдер бойынша өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ ол өзгерістер айтарлықтай болады деуге келмейді. Мәселен, электр энергиясы, жылу мен ауыз су ақысы пәтердің шаршы алаңына және есептегіш құралдарына қарай төленеді. Демек, ол жағынан ешқандай өзгерістер болмайды. Сондықтан уақытша тіркеу тек күл-қоқысты шығару, лифт сияқты адам басына төленетін ақының мөлшеріне ғана әсер ете алады", - деп атап көрсетті Р.Айтжанов. Адвокат уақытша тіркеуге тұрған адамның пәтер құқығына таласа алмайтынын тағы бір мәрте ескертіп, xалықты "ескі псиxологиядан" ада болуға шақырды.



Жаңалықтар

Соңғы пікірлер

Жаңалықтарға жазылу

* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар
Система Orphus