Облыстық туризм мен спортты дамыту басқармасы хабарлағандай, жарысқа еліміздің 15 өңірінен 249 спортшы қатысты. Павлодарлық спортшылар аталған додада тәуір нәтиже көрсетті.

- Павлодар облысы жалпы командалық есепте бесінші орында тұрақтады. Спортшыларымыз барлығы 9 медаль: 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальге ие болды, - деп хабарлады басқарма.

Айталық, Ольга Сафронова, Роксана Оспанова мен 4х200 метрлік эстафетада топ жарған Дамил Сүтжанов, Даниял Оспан, Сергей Русак пен Никита Осинский құрамындағы ерлер командасы Қазақстан чемпиондары атанды.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: жеңіл атлетика, спорт, Қазақстан чемпионаты