Бұл туралы 24.kz жазды.Шаруалар жанармайды жергілікті әкімдіктер бекіткен жанармай бекеттерінен осындай бағада ала алады. Ал зауыттан өздері жеткізсе, 105 теңгеден айналады. Наурыздың соңына дейін бензин бағасында өзгеріс болмайды. Бұдан былай да жағар-жанармай бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар жалғасады. Еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деп мәлімдеді. Айта кетейік, қазіргі уақытта Энергетика министрлігінің басшысы Хельсинкиде өтіп жатқан үкіметаралық комиссияның отырысына қатысып жатыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Осы айдың соңына дейін жағар-жанармай бағасында еш өзгеріс болмайды. Келесі айда дизель бағасында аздаған айырмашылық болуы мүмкін. Бірақ біз оған қатысты жұмыстар жасап жатырмыз. Ол дала жұмыстарының жүруіне еш кедергісін келтірмейді деп сенеміз. Әрине, ішкі нарықта сұраныс көбейеді. Ресейден әкелсек, бағасы 140 теңгеге шығады. Бұл, әрине, маусым кезі болған соң қымбатқа айналады. Ал жаз мезгілінде 130 теңге болады. 

pavlodarnews.kz