Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиын барысында өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ермұрат Нұханов мәлім етті.

- Пешпен жылытылатын көп қабатты 74 үйдің тұрғындарының қауіпсіздігі мәселесі шешімін таппай отыр, - деді спикер. – Нақтырақ тоқталып өтсем, Баянауыл ауданында - 26 үй, Павлодар ауданының Новочерноярка ауылында - 16 үй, Кенжекөлде - 10 үй, Ленин кентінде - 13 үй және Мойылдыда алты үй. Барлығы 860 пәтер пешпен жылытылады. Бұл үйлерде жиі өрт орын алатынын ескере келе, елді мекендердің әкімдеріне орталықтандырылған жылумен қамту жүйесін қолға алу бойынша шаралар қабылдау қажет.

Басқарма басшысының айтуынша, ведомствода 2017-2018 жылдарға арналған "Жол картасы" әзірлеген. Бұл бағдарлама электр жылытуға көшіп, әлеуметтік ынсандар мен үйлерге жапсарлас салынған қазандықтарды жоюға бағытталған. Бұдан басқа, облыстың үш қаласында көп қабатты тұрғын үйдердің 727-сі немесе 33 пайызы күрделі жөндеуді талап етеді.

Біріншіден, бұл биылғы жылы 1-қаңтарда Шаханда орын алған қайғылы жағдайдың қайталабауы үшін қажет. Қарағанды облысында қолдан жасалған  ортақ қазандықтың жарылуы салдарынан көп қабатты үйдің бір бөлігі опырылып құлап, тоғыз адам ажал құшқан.

Облыс әкімі Болат Бақауов ведомство басшысы мен өзінің орынбасарларына тозығы жеткен желілерді жаңғырту бойынша сарапшы топ құруды тапсырды.

- Біз 2018-2019 жылдарға арналған жұмыстың нақты жоспарын көру керекпіз. Ал, қаншамасын жасап алып, енді өздеріңіз шатасып отырған жол карталарының қажеті жоқ, - деді Болат Бақауов.

Тұмар Бекжан
Суретті түсірген – Светлана Воронова

pavlodarnews.kz