Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады."Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде қазіргідей жылы ауа райы сақталады. Ал қалған аумақтарда - еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын күтіледі", - деді "Қазгидромет" орталығының директоры Марина Шмидт.

Оның айтуынша, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, ал батысында ауа температурасы түнгі уақытта шамамен  -2... +3, ал күндіз ауа температурасы 7-12 градусқа дейін көтеріледі. Ал елімздің солтүстік-батысында түнгі уақытта ауа температурасы 10-15 грдаус суық, ал күндіз 3-10 градус жылы болады. "Республикамыздың оңтүстік-шығысында жылы ауа райы сақталып отыр. Түнгі уақытта ауа температурасы 3-8 градус жылы, ал күндіз 13-18 градус жылы болады", - деді Шмидт. 

 

pavlodarnews.kz