29 Мамыр 2017 жыл
Қаз Рус

Мосулда билік әскері шаһардың ескі орталығына еніп, мешітті қоршауға алды

Бұл туралы 24.kz хабарлады. Бұл мекеннің содырлар үшін маңызы зор. Өйткені лаңкестік топтың жетекшісі Абу Бәкір әл-Багдади аймақта халифат құратынын осы мешітте жариялап, Мосулды өздерінің астанасы деп мәлімдеген болатын. Сондықтан осы жерге дейін шегініп келген содырлар билік жасағына тегеурінді тойтарыс беріп жатыр. Сонымен қатар, қаладағы әуежай маңындағы аудандарға әуеден соққы жасалды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қастандықтан 21 адам мерт болған. Әзірге жараланғандар туралы дерек жоқ.

- Басымыздан қара бұлт арылмай қойды. Әдейі ма байқамай ма белгісіз, әйтеуір әуе соққылары бейбіт тұрғындарға дөп түсті. Марқұм болғандардың арасында жас бала да, әйел де бар еді. Барлығы 21 адам қаза тапты, - дейді қала тұрғыны.

Жаңалықтар

Жаңалықтарға жазылу

* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар
Система Orphus