Бұл туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында өнертанушы Альфия Қайырбекова мәлім етті.

- Музейге келгендердің назарына қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен тыныс-тіршілігінен сыр беретін жиһаздар ұсынылады. Мәселен, ою-өрнекпен безендірілген сандық пен үстелді музейдің ашылуына орай 1992 жылы жергілікті "Асыл ағаш" фабрикасы сыйға тартқан. ХХ ғасырдың басында ағаштан жасалған бесікті еліміздің оңтүстік өңірінің қолөнершілері берсе, төрде ілулі тұрған қамшыны баянауылдық шеберлер тапсырған. Түрлі түсті көрпелер мен түскиіз павлодарлық қолөнерші, көптеген облыстық байқаулардың жеңімпазы Рысты Сүлейменованың қолынан шыққан. Ол өзінің туындыларын қазіргі заманға сай әрі еліміздің өткен тарихымен ұштастырып жасауға тырысады, - дейді Альфия Қайырбекова.

Музей қызметкерінің айтуынша, мұнда орын алған белгілі ақын Нұтфолла Шәкеновке тиесілі домыбраны 1994 жылы жары Гүлшат Шәкенова әкеліп тапсырған.

Оның өлендері 1944 жылдан бастап республикалық және Мәскеуден түрлі басылымдарда шығып тұрған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Біздің жыр» 1949 жылы жарық көрген. Бұл кітапқа Отан, еңбек адамдарының ерлік істері жайындағы лирикалық өлеңдер енген.

 Ақбота Сейсенбаева

 Суреттерді түсірген - автор

pavlodarnews.kz