Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, билеттерді «Осында және қазір» сатып алуды қалайтындар үшін tickets.expo2017astana.com ресми сайтынан алуға болады.

- Ашық датасымен жұмыс күндеріне кіру билетінің құны 6000 теңге болса, демалыс күндеріне 8000 теңге тұрады. Ал, уақыты белгіленген билеттер жұмыс күндеріне 4000 теңгеден, демалыс күндеріне 6000 теңгеден сатылады. 6 жасқа толмаған балаларға кіру тегін. Зейнеткерлер, көп балалы аналар, студенттер мен мектеп оқушылары 50 пайыз жеңілдікпен алады. Жеңілдіктер туралы ақпаратты билет операторынан білуге болады, - дейді мамандар.

Еске сала кетейік, биыл Астана қаласы 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесін қабылдайды. Аталмыш шараның 150 жылдан астам тарихы бар және бірінші рет ТМД елдерінде өтеді. Үш айға созылған көрмеге 100-ге жуық ел мен 10-ға жуық халықаралық ұйымнан 2 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Онда СО2 өнімдері мен жасыл энергия, ғылым, мәдениет, білім беру, техникалық дамыту, ауыл шаруашылығы бағыттарының әлемдік деңгейдегі жетістіктері ұсынылады.

pavlodarnews.kz