- Беларусьте өткен үш күннің ішінде көптеген қызықты дүниені көрдік, - деді Болат Бақауов Павлодар және Гомель облыстарының өңіраралық отырысы кезінде. - Көп нәрсені үйренуге болады. Біз гомель коммуналдық қызметі мамандарын сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша тәжірибе алмасу үшін шақыруға дайынбыз.

Өңір басшысы Павлодар машина жасау саласы бойынша Беларусь елімен жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді. Облыс "Гомсельмаш" кәсіпорнынан астық жинау комбайндарын сатып алуға дайын. Сонымен қатар әкім еліміздегі ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуы туралы айтып берді.

- Бізде ірі шаруа қожалықтары бар, - деді ол. - Дегенмен ауыл шаруашылығы өнімінің 80 пайызын жеке шаруашылықтар шығарады. Біз кооперативтерді құруға үлен көңіл бөлеміз. Субсидиялаудың нәтижесінде салқындатқыш, сүт тасу және ірі техника сатып алатын жеке қосалқы шаруашылықтарын кооперативтерге бірігуін ынталандырамыз.

Отырыстың қортындысы бойынша өңір басшылары Болат Бақауов пен Владимир Дворник кездесу туралы хаттамаға қол қойды. Павлодар облысының әкімі өзінің гомельдік әріптесіне екі жақ қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұсынылған мүмкіндік үшін алғыс білдірді.

- Енді біздің Беларусьте бауырлас облысымыз бар, - деді Болат Бақауов. - Менің ойымша, біз жыл сайын кездесіп отыру керекпіз. Өңіраралық интеграцияны қолдай отырып,  алдымызда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде біздің мемлекет басшыларымыз қоятын мемлекеттік міндеттердің жүзеге асырылуына атсалысамыз.

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz