Айта кетейік, Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғалы бері ағымдағы жылдың сәуірінде 3 жыл толады.

Павлодар облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің мәлімдеуінше, байқаудың мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі арнайы жобалары шеңберінде Павлодар облысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеуге бағытталған оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қажетті шарттарына сәйкестігін анықтау.

- Байқау-конкурстың ережесі мен анонс дайындалып, I кезең наурыздың 5 күні өз бастауын тапты. Аталмыш байқауға Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ашылған «Рухани жаңғыру» кабинеттері қатыса алады. Байқауға қатысатын «Рухани жаңғыру» кабинеттерінің жұмыс істеуін бағалау үшін сараптамалық топ құрылып, бекітілді. Оның құрамына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің, Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының, білім басқармасының мамандары, қоғам, үкіметтік емес сектордың өкілдері кіреді, - дейді жобалық кеңседе.

Нәтижесінде барлық кезеңдерде ең көп ұпай жинаған қатысушылар гран-при мен 1,2,3 орын иегерлері анықталады. Ереже бойынша байқау-конкурс 4 кезеңнен тұрады. I кезеңде фэйсбук әлеуметтік желісінде кабинет туралы ақпаратты орналастыру.

ІI кезеңде ең көп лүпіл жинаған 10 «Үздік рухани жаңғыру» кабинеттеріне және сараптамалық топтың шешімімен таңдалған кабинеттерге сараптамалық топтың іссапармен шығуы.

III кезең. Қорытынды марапаттау салтанаты және 10 «Үздік рухани жаңғыру» кабинеттерінің жылжымалы көрмесі. Ал, IV кезеңде барлық жиналған материалдар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіліп, жарияланатын болады. 

Бүгінгі күні I кезең бойынша фэйсбук әлеуметтік желісінде 30-дан аса «Рухани жаңғыру» кабинеттері туралы ақпарат жарияланды. Ақпаратты Рухани Жаңғыру Павлодар фэйсбук парақшасынан және #rỳhanijańģyrỳpvl хэштегі арқылы көре аласыздар.

 Фото: Павлодар облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам