Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, шараға қала, аудан мешіттерінің имамдары, қалалық мешіттердің қызметші молдалары және жаназа, кебіндеу, жерлеу рәсімдеріне қатысып жүрген аталар мен апалар қатысқан.

 Аталмыш кітаптың мазмұнын Мәшһүр Жүсіп мешітінің наиб имамы Хасан Ташайұлы, қалалық Ақмешіт мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Мәшһүр Жүсіп мешітінің наиб имамы Нұрлан Ефратұлы және қалалық Бижан мешітінің бас имамы Абдусамат Айтқожаұлы түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар, алқа мүшелері «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы жайлы ойларын ортаға салды. Олар бұл еңбекте қазіргі қоғамда көп талқыланып жүрген «қабір басына кесене тұрғызып, белгі қою», «мұсылман зиратының талаптары мен қағидалары», «діни жоралғыларды бір жүйеге келтіру» сынды мәселелердің қамтылғандығына оң пікір білдірді. 

- Бұл кітап Ғұламалар кеңесінде үш жыл қаралып, жаназаға қатысты үкімдер топтастырылды. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты қамтылды. Мұндағы басты мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әрекеттерге жол бермеу. Сондықтан, енді «менің ойымша» деген сөзді азайтып, тек осы кітаппен амал ету қажет, - дейді өкіл имам Нариман Исенов.

Облыстық кітапхана қорына «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының бірнеше данасы сыйға тартылды.

 

pavlodarnews.kz