Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласында 29 жастағы азамат 2017 жылғы наурыз айынан бастап пайдакүнемдік мақсатында 23 жастағы көңілдесін күш қолдану және бопсалау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. 

- Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 308-бабы, 1-бөлігі бойынша – «жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша тергеу басталды. Осы бапқа сәйкес оның мүлкі тәркіленіп,  3000 АЕК көлемінде (6 миллион 807 мың теңге) айыппұл салу немесе үш жылға бас бостандығынан айыру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған, - деді баспасөз қызметінде.

 

pavlodarnews.kz