Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Айбек Ақылжановтың сөзінше, қатысушылар төрт жас ерекшелігі бойынша өнер көрсеткен.

- Мұндай жарыс түрі бізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсатымыз – триатлон спорт түрін кеңінен насихатап, облыстағы спорттық шаралар тізіміне енгізу.  Қатысушылар 300 метр суда жүзу, 18 шақырым велосипедпен жүру және екі шақырым жаяу жүгіру тапсырмаларын орындады. Облыстық кезеңнен үздік өнер көрсеткен спортшылар 29-шы маусыммен 2-ші  шілде аралығында Павлодарда өтетін республикалық турнирде облыс намысын қорғайды, - дейді Айбек Ақылжанов.

Жарыс қорытындысы бойынша, 16-29 жас аралығындағы ерлер арасында Александ Хитров, әйелдер арасында Екатерина Ланглиц, 30-39 жас аралығында ерлерден Александ Димовский, әйелдерден Ирина Смирнова мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ, 40-49 жас аралығында Александр Ташланов пен Ирина Салыкова және 50 жастан жоғары ерлер арасында Александр Карасаев жеңіс тұғырынан көрінді.  

Тілеуберді Сахаба

 

pavlodarnews.kz