Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Ертіс орманы» табиғи резерваты Сейтен орманшылығындағы ағаш массивін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары ағаш ұрлаушылардың «үстінен түсті».

Қаскөйлер арнайы техниканың көмегімен ағашты кесіп дайындаған. Оқиға орнынан куны бар МТЗ-80 және екі тіркеуіші бар МТЗ-82 мемлекеттік тіркеу нөмірісіз екі трактор алынды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 340-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Келтірілген шығын мөлшері - 2 млн 256 мың 850 теңгеден астам.

 

pavlodarnews.kz