Оған облыстың этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының мүшелері, тіл жанашырлары, мемлекеттік тілді жетік меңгерген облыстың этнос жастары мен республикалық конкурстардың жеңімпаздары шақырылды.

Шара қатысушыларын алдағы Тәуелсіздік күнімен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле Османова құттықтады.

«Тәуелсіздік жылдары ішіндегі ең басты жетістігіміз халқымыздың келісімі мен бейбітшілігі болып табылады. Мемлекетіміздің салмақты саясаты арқасында барлық қазақстандықтар өз тілдерінде сөйлеп, мәдениеті мен дәстүрін сақтауда», - деді Сәуле Османова.

Кездесу барысында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың, мемлекеттік тіл мен этнос тілдерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Социал Әйтенов, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы Александр Лодочников, жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілі, жас ақын Еркебұлан Әміренов баяндама жасады. Сонымен қатар, «Қазақстан.Тәуелсіздік хроникасы» бейнебаяны көрсетілді.

Шара соңында мемлекеттік тілде жазылған диктант қорытындысы жарияланып, үздіктер мен республикалық конкурстардың жеңімпаздары алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.  Өзге ұлт өкілдері арасында Зура Кенжебаева, Мелине Члудян және Данил Князев  үздік  баға алған.

Диктант  мәтініне қазақтың белгілі жазушысы Міржақып Дулатовтың адамгершілік, мейірімділік және қайырымдылық қасиеттерді насихаттауға арналған «Байлық» әңгімесі  арқау болған.   

 

pavlodarnews.kz

Тэги: