Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Қанат Зайыр айтты.

- Аталған жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде 56 жұмыс орны құрылды, - деді Қанат Зайыр. - 21 жоба – Павлодарда, төрт жоба – Екібастұзда және  үш  жоба Ақсу қаласында жүзеге асырылады. 2017 жылы үш  қалада мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген шағын несиелендіру көлемі 456, 9 млн теңгені құрады. Қаржы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық филиалына аударылған. Шаштараз, қоғамдық тамақтану, жүк тасымалы сияқты қызмет көрсету саласында   шағын несиелерді кепілдендіруге 28,6 млн теңге бөлінді.

Спикердің айтуынша,  «НұрБанк» АҚ,  «АТФ Банк» АҚ,  «Халық банкі»,  «Ресей жинақ банкі» АҚ  және «ForteBank» АҚ  филиалдарымен  келісімдерге қол қойылған.  Қазіргі таңда   бұл банктер жалпы көлемі 64, 1 млн теңгені құрайтын алты жобаны мақұлдаған және 37 млн теңгені құрайтын тағы үш жоба қарастырылуда.

Нәтижесінде бөлінген, мақұлданған және қаралып жатқан жобалардың жалпы сомасы 453, 7 млн теңгені құраған.

-  Мемлекет тарапынан қаржыландырылған бірқатар  қызықты жобаларды атап өтуге болады, - Қанат Зайыр. - Оның бірі - инвестициялық құны 9,8 млрд теңгені құрайтын «Аппарель» серіктестігі. Кәсіпорын оттекті станция сатып алған және бүгінде  өндірістік оттегі шығаруды жүзеге асыруда.  Сонымен қатар Екібастұзда  «АдеміGroup» ЖШС шаштараз қызметін ұсынса, Павлодарда «Pro-Service» жеке кәсіпкерлігі техникалық бақылау станциясына ғимарат сатып алды. «Пархоменко» ЖК  пенопласттан жасалған бұйымдар шығаруды көздеп отыр.

Ақбота Сейсенбаева
Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды

 

pavlodarnews.kz

Тэги: