Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

-  Ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша бөлімшенің қызметкерлері аталмыш фактіні «Стоп-трафик» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында әшекерелеген.  Күдікті интим қызметін көрсету үшін әйел адамнан 3 мың теңге мөлшерінде қаражат алып жатқан кезінде құрықталған, - дейді баспасөз қызметінде.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 309 бабы – «жезөкшелік және жеңгетайлық қызметі үшін притондар ұйымдастыру және ұстау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.  

Аталған бап жеке мүлкін тәркілей отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, заң