Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, бірнеше жетекші Apple корпорациясына деген сенімді қайтару мақсатында жеткізуші Wistron компаниясына айыппұл салған. Жеткізуші компания смартфондардың құрастырылуы осы істің мән-жайы анықталғанға дейін тоқтатылғанын жоққа шығарып отыр. Алайда соңғы күндері Wistron акциясы 5% арзандаған.

Десе де, әзірге сертификатталмаған өнімдермен құрастырылған смартфондардың нарыққа шығып-шықпағаны белгісіз. Wistron iPhone 8 Plus смартфонының тек 20%-ын құрастырады. Қалған 80%-ын құрастыру Foxconn компаниясының еншісінде.

Компания Бангалорда iPhone SE және iPhone 6s смартфондарын шығару үшін зауыт салуға 157 млн доллар инвестициялады. Қазіргі таңда Wistron Apple жеткізушілерінің ішінде Үндістан бойынша бірінші орында тұр.

pavlodarnews.kz

Тэги: