Соңғы екі күнде Ресейден келген мигранттар саны едәуір төмендей бастады - Үкімет
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Соңғы екі күнде Ресейден келген мигранттар саны едәуір төмендей бастады - Үкімет 01.10.2022

Соңғы екі күнде Ресейден келген мигранттар саны едәуір төмендей бастады - Үкімет

Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көші-қонның өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21-28 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясынан ел аумағына келген мигранттар қатарының әдеттегіден 2-3 есе көбейгенін айтқан.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, тек соңғы екі күнде бұл елден келушілер саны едәуір төмендей бастаған.

Есепті кезеңде Ресей Федерациясының 382 азаматы тұрақты тұру үшін және 64 азаматы ҚР азаматтығын алуға құжат тапсырған.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі криминогендік жағдай тұрақты. Мигранттар тарапынан Қазақстан азаматтарына қатысты жасалған қылмыстар тіркелмеген.

Сонымен қатар ІІМ шетелдік азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін және заңдылығын қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті, атап айтқанда, адамдар көп шоғырланатын жерлерде полиция нарядтарының саны артты.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов тиісті инфрақұрылымы бар өткізу пункттерінде Қазақстан азаматтары, жүк көлігі және шетелдіктер үшін жеке жол жолақтары бөлінгенін хабарлады.

«Қазіргі кезде Қазақстан азаматтарына шекарадан өтуде проблемалар жоқ», — деді ол.



Премьер-Министр жекелеген өткізу пункттерінде әлі де болса ұзын-сонар кезек барын айтты.

«Ресейдің шекара қызметімен өзара іс-қимылды күшейту керек, екі жақтан да адамдар жиналып қалмауы үшін бірыңғай алгоритм әзірлеу қажет. Себебі, бұл бизнес пен халықтың орынды наразылығын тудырады», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов тұрғын үйді жалға алу кезінде азаматтардың құқықтарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Бұл мигранттардың ағынына ғана қатысты емес, жалпы азаматтарымыз өз құқықтарын білуі керек. Egov немесе көп қолданылатын қосымшалар арқылы тараптардың құқықтары мен міндеттерін көрсететін типтік жалға алу шартына цифрлық түрде қол қоюға болатындай етіп жасау қажет. Бұл екі жақтың да құқығын қорғауға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге көші-қон жағдайын реттеу бойынша кешенді және тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

«Бірінші кезекте қазақстандық азаматтар үшін тұрақты «жасыл дәлізді», сондай-ақ тіркелмеген мигранттарды анықтау үшін мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қамтамасыз ету қажет», — деді Әлихан Смайылов.


Фото: primeminister.kz

Количество показов: 220

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

Екібастұзда жылумен жабдықтау бойынша қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
19:06 07.12.2022  

Павлодар облысында автокөлік өртенді
18:29 07.12.2022  13

Павлодарда «Ертістің» тұңғыш бапкеріне ескерткіш орнатылды
18:03 07.12.2022  17

Павлодарда «Роботтық жүйелер» зертханасы ашылды
17:36 07.12.2022  24

Еңбек ері: Екібастұзда орын алған қиын кезең артта қалды
17:06 07.12.2022  29

Екібастұзда «Асаруме» қоры бүлінген 50 пәтерді жөндемек
16:34 07.12.2022  26

Асайын Байханов: Халықпен әрқашан тұрақты байланыста боламын
16:24 07.12.2022  52

Қарағандылық ерікті: Әйелім туған күніне сый ретінде Екібастұз тұрғындарына көмектесуді өтінді
15:56 07.12.2022  38

Екібастұзда үйлердің жылу желілері қатып қалмас үшін жер үсті құбырлары салынуда
15:06 07.12.2022  35

Екібастұзда көмек сұраған өтініштер саны азаюда
14:52 07.12.2022  42

Павлодарлық оқушылар «Ұлт ұстазы — Ахмет» қойылымын сахналады
14:06 07.12.2022  86

Премьер-Министр Павлодар облысы әкімдігі басшылығына қойылған басым міндеттерді атады
13:36 07.12.2022  55

Павлодарлық үш оқушыға Қазақстан-Британ және Павлодар университеттеріне гранттар берілді
13:02 07.12.2022  49

Белгілі павлодарлық музыкант тарихи фильм көруді ұсынды
12:33 07.12.2022  36

Павлодарда екінші ауысым оқушылары онлайн форматта оқиды
12:09 07.12.2022  36

Павлодар облысының әкімі тағайындалды
11:56 07.12.2022  79

Екібастұзда жер үсті құбырларын орнатуға байланысты кей үйде жылу болмайды
11:22 07.12.2022  47

«Жыл таңдауы – 2022»: Аққулы ауданының кітапханашысы республикалық байқауда үздік деп танылды
11:01 07.12.2022  54

Жапония Фукусима АЭС-да жиналған суды мұхитқа құймақ
10:36 07.12.2022  43

Президент Екібастұзды қысқы маусымға дайындаудағы қателіктерге талдау жасауды тапсырды
10:06 07.12.2022  53

Екібастұзда әкімдікте жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды
09:38 07.12.2022  48

Екібастұзда зардап шеккен үйлерге жылу берілді
09:11 07.12.2022  68

Павлодарда бірінші ауысым үшін сабақтар қашықтықтан өтеді
08:27 07.12.2022  51

Сәрсенбі күні Павлодар облысында түнде -30 градус аяз болады
08:02 07.12.2022  43

Павлодарлық «Vita» еріктілер жасағы Астанадан жүлдемен оралды
22:38 06.12.2022  66

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйге жаңа лифт орнатылды
22:03 06.12.2022  65

Бағдат Орал: Екібастұзда жылусыз қалған көпқабатты үйлердің тұрғындары жылу энергиясы үшін ақы төлемейді
21:37 06.12.2022  70

Екібастұзда жылу берілмеген бір үй қалды
21:03 06.12.2022  83

Екібастұзда 5А шағын ауданында сыртқы жылу желісі салынады
20:35 06.12.2022  68

Екібастұздағы үйлерде қандай жұмыстар атқарылуда
20:04 06.12.2022  63

Екібастұздағы ХҚО келушілер үшін дастархан жайды
19:37 06.12.2022  72

Қостанай облысынан Екібастұзға гуманитарлық көмек жеткізілді (ВИДЕО)
19:02 06.12.2022  71

Екібастұздағы «Savoy» мейрамханасы мыңнан астам адамды тамақтандырған
18:40 06.12.2022  75

Павлодар облысында кішкентай шыршаны кескен адамның өзі заң бойынша жауап беретіні ескертілді
18:05 06.12.2022  85

Ресейдің 74 өңірінен шошқа тұмауы анықталды
17:38 06.12.2022  68

Павлодарлық оқушы өңірдегі музей жәдігерін TikTok арқылы таныстырды
17:04 06.12.2022  136

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды
16:40 06.12.2022  73

Екібастұзда апатты жағдайдан мүлкі бүлінген кәсіпкерлер қалай әрекет етеді
16:04 06.12.2022  107

2023 жылдан бастап ветеринарлардың жалақысы кезең-кезеңімен өседі
15:35 06.12.2022  75

Павлодарлық боксшылар бүгін ел чемпионатының медальдарын сарапқа салады
15:09 06.12.2022  83

Ақсулық таксист жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
14:36 06.12.2022  84

Екібастұз тұрғындары үйлерін жылытуға көмектескен мамандарға алғыс айтуда
13:21 06.12.2022  91

Екібастұзда № 6 шағын аудандағы жылу тасымалдағыш қалпына келтірілді
13:06 06.12.2022  115

Екібастұзда тұрғын үйлерге су тасу ұйымдастырылуда (кесте)
12:37 06.12.2022  97

Елімізде күріш тапшылығы бар ма - министр жауабы
12:09 06.12.2022  82

Ақсуда ер адам екі бөтелке виски ұрлап ұсталды
11:36 06.12.2022  97

Павлодар облысында екі адамда COVID-19 анықталды
11:05 06.12.2022  90

Екібастұзда құбыр жарылып, бірнеше үй ыстық сусыз қалды
10:35 06.12.2022  124

Павлодарлық өнерпаздар Ресейден 20-дан астам жүлде алды
10:05 06.12.2022  94

Ақсуда бірнеше үйде су болмайды
09:31 06.12.2022  98

Моңғолияда халық жаппай шеруге шықты
09:07 06.12.2022  103

Павлодарда бірінші ауысымдағы оқушылар аязға байланысты онлайн оқиды
08:36 06.12.2022  102

6 желтоқсанда Павлодар облысында аяз болады
08:02 06.12.2022  89

«Екібастұзжылуэнерго» ЖЭО қызметкерінің қайтыс болғанын растады
00:04 06.12.2022  165

Павлодарда «Академик Әбікен Бектұров» атындағы аудитория ашылды
23:16 05.12.2022  110

Павлодар педагогикалық университетіне Әлкей Марғұланның мүсіні орнатылды
22:43 05.12.2022  126

«Жаңа ғасыр театры» Павлодарда
22:06 05.12.2022  119

Павлодарда «Малайсары батыр – қазақ даласының ұлы батыры» апталығы басталды
21:26 05.12.2022  119

Шығынды өтеу: Екібастұздықтардан екі мыңнан астам өтініш келіп түсті
20:47 05.12.2022  120

Екібастұзда он екі үйде батарейлер ауыстырылуда
20:06 05.12.2022  125