Комиссия мүшесі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Қамалова өз сөзінде конкурсқа қатысуға әзірше үш өтініш келіп түскенін айтты.

– Бұл мүгедектерді жұмыспен қамту, көмекке зәру жандарға әлеуметтік жәрдем көрсету, әйелдердің кәсіптік жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және басқа да жобалар, - дейді Гүлнар Қамалова. – Конкурстық ережелерге өзгерістер енгізу арқылы оған қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдармен қатар, жеке тұлғалар да қатысуға мүмкіндік алды.

Отырысқа қатысушылар облыс тұрғындарын белсенділік танытып, конкурсқа қатысуға шақырды.

Байқауды «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, облыстардың әкімдіктері, қала және аудан әкімдіктері, сонымен бірге бизнес қауымдастығы ұйымдастыруда.

Әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатымен ұйымдастырылған конкурс бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысуға өтініштер мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық нұсқада қабылданады. Өтініштерді 2018 жылғы 30 маусымға дейін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары және бөлімдері қабылдайды.

Толық ақпаратты мына сілтемеден алуға болады: 

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Нұр Отан, қоғам