Бұл жөнінде Instagram әлеуметтік желісіндегі tiрavlo парақшасы жариялады. Оқыс оқиғаны облыстық денсаулық сақтау басқармасында растады.

-  1987 жылғы жігіт қайтыс болды, - деді баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева. – Шақырту сағат 12.50-де Кутузов көшесі, 52 мекенжайы бойынша түскен.  Биологиялық өлім тіркелді. Басқа ешбір ақпарат жоқ. Істі полиция тексеруде. Жедел жәрдемді куәгерлер шақырған. Ол өмірмен сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар алған.

Облыстық ІІД-нде «Өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын  мәлім етті.

-  Ер адамның өз отбасымен бірге осы үйде тұрғаны анықталды, - деді ведомствоның баспасөз жетекшісі Баян Мағзұмова.  

Томирис Бекжан

Фото: tiрavlo

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам