Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

Жігіттің анасы Марина Долгалеваның айтуынша, бұл оқиға 8 маусымда шамамен сағат таңғы 9-да Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. Артем сол кезде жұмысқа бара жатқан.

"Әдетте ол 40 минут жүріп, кейін Байзақов көшесіне шығып, базарға нан алуға баратын. Сол күні де ол әдеттегідей осы жолмен жүрді. Бірақ оны Байзақов көшесінде көлік қағып кетті. Оның есінде қалғаны - жолдан өтіп, солға қарай жүргенде асқан жылдамдықпен келе жатқан көлікті көрген. Кейбір жерлері ғана есінде қалған. Оны арық жақтан тапқан, ес-түссіз жатқан. Өтіп бара жатқандар жедел жәрдем шақырған", - дейді жол апатына ұшыраған жігіттің анасы. Сондай-ақ, анасының айтуынша, Артем ауруханаға түскенде оның қанынан алкоголь табылған.

"Оны көлік қағып кетіп, кейін оны басқа жаққа апарып, оған арақ құйып тастаған сияқты. Тістері сынған, ерні жарылған. Менің ұлым ішпейді. Сол күні ол жұмысқа бара жатты. Қазір енді ол жүре алмайды, жабық бассүйек ми жарақатын алды. Біз ұзақ уақыт бойы оған не болғанын түсінбедік. Тек есін жиғанда оны көлік қағып кеткенін айтты. Ол не болғанын айтып берген кезде біз полиция шақырды. Түсініктеме жазуға мәжбүрледі. Себебі оны ұрып-соққан, сондай-ақ, қанынан алкоголь табылды. Полицейлер "ішіп алып, төбелес шығарып, құлаған" деп айтты. Куәгерлерден әлі жауап алмай жатыр. Төрт күн өтті. Камераларды қарамайды. Алмалы аудандық ІІБ басшысына арыз қалдырайын деп жатырмын", - дейді Марина Долгалева.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам