Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

"Біз соңғы жылдары жалпы экономика өсімі қарқынының баяулауын көріп отырмыз. Қаржы министрлігінің мəліметінше, бүгінгі таңда мемлекеттік борыш көлемі қолайлы деңгейде тұр. Қарыз индикаторларының деңгейі рұқсат етілген шеңберінде орналасқан жəне Үкіметтің экономикалық блогы бұдан қауіптеніп отырған жоқ. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдайға сәйкес, мемлекеттік борыш 14,2 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 24,8 пайызын құрады. Қарыз жыл басынан бері 704 млрд теңгеге ұлғайған. Мемлекеттік борыштың жалпы көлемінің 73,3 пайызы - Үкімет қарызы. Ал Үкіметтің борышы 10,4 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 18,2 пайызын құрайды", - деді Бекетаев.

Вице-министрдің айтуынша, Үкімет қарызының артуы республикалық бюджеттің жетіспеушілігімен байланысты. Себебі, соңғы жылдары республикалық бюджет дефицитпен бекітіліп келеді. Сəйкесінше, Үкімет борышының ұлғаюы заңды болып табылады.

Атап өтсек, Сенатта "Мемлекеттік жəне мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борышы, квазимемлекеттік сектор борышы мәселелері" бойынша ҚР Қаржы министрлігінің басшылығымен кездесу өтіп жатыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: