Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының хабарлауынша, конкурстың басты мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.

Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жыр додасына облысымыздың қала, аудандарынан келген үміткерлер бақ  сынады. Әділқазылар алқасы қатысушыларды конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.

Бәйгеде Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының студенті Ерболат Әміренов өз қарсыластарынан озып, І жүлделі орынды иеленді. ІІ орынға Баянауыл ауданы, Жұмат Шанин ауылының тумасы Жоламан Әйткен, ІІІ орынға Павлодар қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Гүлнара Жанболат ие болды.

Айта кетейік, байқау Астана қаласының 20 жылдығына орай және тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде  ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: