Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тазалық айлығының аясында аулаларға топырақ жеткізу бойынша көлемді жұмыс жүргізілуде. Сол арқылы тұрғындар үшін аулаларында көгал немесе гүл отырғызуға мүмкіндік туады.



- Тұрғын үйлердің тұрғындары топырақты төгу мен түзетуге белсенді ат салысуда, - деді әкімдікте. – Қазіргі кезде 23 аулаға 3810 тонна топырақ жеткізілді. Осы бағыттағы жұмыс қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Қызу жұмыс жүргізілген аулаларға қарбыз әкелінді.

Сонымен қатар, айлық қорытындысы бойынша белсенді кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындар марапатқа ие болады.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: